Сабақтың мақсаты: Өзін-өзі таныстыра білу және өз өнерлерін көпшілік алдында көрсете білуге үйрету. Танымдық , шығармашылық және эстетикалық талғамын дамыту. Әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрибиелеу. Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер....
Сценарий тақырыбы: «Гүл өссе - жердің көркі, Қыз өссе - елдің көркі» Әйелдің табиғи сұлулығы ешқашан өзгермейтіні белгілі, бірақ біздің заманымыздың қыздары өзінің сұлулығымен бірге жан сұлулығын және тән сұлулығын сақтауы тиіс. Өз мамандығын құрметтеу, эстетикалық сезімін ұғындырып, жетілдіру.
Кеш барысы: Ән - орындайтын Жанболат. Жүргізуші: «Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған.
Төмендегі эмоджи (смайлик) арқылы көрсетілген мақал-мәтелдерді ұсынамыз. Сізде тағы да смайликтер арқылы жазылатын мақал-мәтелдер болса пікірге (комментарий) жазыңыз.