Кенен: Ел анасы — жер болар. Ел ағасы — ер болар. Кіндік кесіп, кір жуған Жер балаңмен тең болар. Ұшқан құс қонбай қоя ма? Еңбексіз қарның тоя ма? Ел мен жерден сыр алмай, Аң қуған жолы бола ма? Ат мойнында тұмарсың, Ат аунаса сынарсың, Ал, қызыл тіл, сайрашы, Ажал жетсе тынарсың. Сұлуға, көзім, қарашы, Топырақ басса жұмарсың.......
Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар. Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді. Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік» Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді. Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар. Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық. Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.....
Жаһандық ғаламтанудың ұлғаюы, ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет» деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді. Мен де өзімнің педагогикалық-психологиялық түсінігімді жетілдіру үшін биылғы жылдың ақпан айында басталған ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі.......
Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-БақтыбайЖолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю, Жолбарыс, Үден деген үш бала өрбіген. Жолбарыстан Тәттібай тарайды. Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңламас қарияның балаларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар. Күш пен айланың заманында......