Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің айналасында сөздер таусылар емес. Желі қолданушылары "КешYOU" тобынан түлеп ұшқан әншіге "тоқал" екенін әлі де бетіне басып, сынап жатыр. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерінен мезі болған өнер иесі оларға желі арқылы жауап берді деп жазады NUR.KZ"Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.
Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін орынсыз сөгіп жатқан халықты орнына қойған. ....
Бүгін екінші мәрте тұрмысқа шықпақ екенін хабарлаған Алтынай Жорабаеваның сүйіктісі жайлы тың мәлімет белгілі болды. Көпбалалы әншінің таңдауы кімге түскенін оның өз келіні айтып қойды. Талғат Жорабаевтың жары жұлдызды қайын әпкесі енді өзіне одан бетер жақын бола түскенін астарлап жеткізді деп жазады NUR.KZ
Алтынай Жорабаеваның арқа сүйер азаматын жолықтырғанын оның туған келіні желіде растады. Аяулым Жанатова өзінің Instagram парақшасында екі ойлы жазба жариялап, көпшілікті таңғалдырған......
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қазіргі қыздардың еліктейтін тұлғаларын көріп, жүрегі ауыратынын айтты. Instagram парақшасындағы жазбасында ол заман талғамына сай қазақ қыздарының да үлгі алатын жандары өзгергенін жазып, өкінішін білдірді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Танымал заңгер Айгүл Орынбек елдің ерке қызы атанған жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының былығын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ . Қоғам белсендісінің мұндай қадамға баруына отандық арнадағы бағдарламаның біріндегі жағдай себеп болыпты.
Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Актриса Айгүл Иманбаева алғашқы некесінен сабақ алса керек, өнер саласында жүрген ер азаматтарға жігіт ретінде қарай алмайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).
Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген. 1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады. Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді. ....
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген. Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Егер қазір Қазақстандағы шоу-бизнесті "арба" дейтін болсақ, осы арбаны алға сүйретіндер – продюсерлер. Ендеше еліміздегі танымал деген продюсерлерді түгендеп көрелік.