file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Өз ісіңнің білгір һəм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Тəрбиелеу дегеніміз — адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Адам мақсатын өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Шын білім — ақиқат, анық білім.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Білімді болу деген — жаңалық ашуға қабілетті болу.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Білім жəне атамұраны жақсы тəрбиеменен безеу керек.
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Егер бізге қайта туу нəсіп болса — мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім!
©  Әбу Насыр Әл-Фараби
Елін елдікті етті, жауын бейбітті етті,Бастыны бағындырды, тізеліні бүктірді.
©  Күлтегін
Жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым.
©  Күлтегін
Елді халық едім, қайда енді сол елім?!Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!
©  Күлтегін
Елін сүйген ер бақытты.
©  Күлтегін
Қағанын сатқан халықты тəңірі де жаратпайды.
©  Күлтегін
Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.
©  Күлтегін
Халқын асырау — қағанға парыз.
©  Күлтегін
Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
©  Күлтегін
Зердесіз қаған ел билесе — сол жаман, əлсіз қаған ел билесе — сол жаман.
©  Күлтегін
Бас иесіз — ел тозар.
©  Күлтегін
Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.
©  Күлтегін
Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.
©  Күлтегін
Биікте көк тəңірі, төменде қара жер жаралғанда — екеуінің арасында адам баласы жаралған; адам баласы үстіне — Бумын қаған мен Істемі қаған отырған;..
©  Күлтегін
Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.
©  Күлтегін
Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер — ғаріп.
©  Күлтегін