file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Қырқада қырық арқар бар.Қырық арқарда ақ арқар бар.Алты арқарда марқа арқар бар.
Күз, Кез, Көз,Күш, Кеш, Көш,Кір, Кер, Көр,Күл, Кел, Көл,Кілең қысқа сөз,Кім оқиды тез?Сен өлше, ол өлшер,Сол өлшем, сол мөлшер.Омар ора алар,Омар ора..
Шапалағы шарт етті,Алақанда қызыл дақ!Екінші рет шекесіҚоя берді дызылдап,Маса жүрді ызылдап.
Аббат абдырағыш па,Абақ абдырағыш па?Аббат абдырағыштау,Абақ қодыраңдағыштау.
Ағасы қарындасын іздеп жүр,Қарындасы қарындашын іздеп жүр.Ағасына қарындасы керек,Қарындасына қарындашы керек.
Ағам талай ат тағалады,Ағам қалай ат тағалады.Қалай ат тағалағанынБілсем,мақтана аламын,Білмесем,ұятқа қаламын.
Адамды алдама, алдатпа,Ардагер атаңды ардақта.Ананы әлпештеу - адалдық,Айрылу, аздыру - арамдық.
Тасбақа құмын іздеді,Қасқыр жымын іздеді.Шымшық шыбын іздеді,Ал інім кімін іздеді?Інім тайын бүгін іздеді,Тайын тауып маған: «Мініңіз!» ..
Айбалтасы айдардай,Айбарлы тұр Хайдарбай.
Тілді жаттықтыратын жаңылтпаштар
Күз, Кез, Көз,Күш, Кеш, Көш,Кір, Кер, Көр,Күл, Кел, Көл,Кілең қысқа сөз,Кім оқиды тез?Арқада алты арқар барҚырқада қырық арқар барҚырық арқарда ақ..
Ішкілік ішпектіІшкерірек төсеген,Ішерткі беретінІшікті көсе ме?
Ызбарланған ызақор ызғардан ығысты,Ызғында ызғырықтан ығыр болғандар ұғысты.
Шырпы сыпырғыштың ұшы шырпылсыншы,Шырпылы сыпырғыштың ұшы қырқылсыншы.
Шиеленіскен жіп түйінінШешсе, шешем шешішсінші.Шиеленістіріп түйіндеудің қиынынШешем де сезсінші.
Шабырға ала тастақты,Шұбар шыбыш бастапты.Шөп таппай шаңдақтан,Шабырқанып аш қапты.
Үшкір тұмсықҮш шымшық,Үстірттен ұштыҮш құрт шымшып.
Ұштастықты ұштастырған істі,Ұстаздар одан әрі ұштастырды.
Төлеш төгіп тегешті,Тілешке төніп егесті.Тегешті төккен Тілеш емес-ті,Төлеш несіне тежесті?
Тесікті есіккеТескішпен тез тескізші.Тескізген есікке өткізерТүбіттен жіп ескізші.
Сомадай ШалабайСолақай Санабайды,Соқталдай Шанабайды,Сопиды шала алмай.
Сайыста сасйыссаң қайыспа,Сайысшы сайыстырса,Сайғақтай саяқ шық сайыста.
Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе,Ретсіздік те реттелер,Ретін тауып іздеттірсе.
Пішіні пішіндестің пішінін,Пішіншіге пішіндеткізші,Пәруай пейілді дәлелдеп мүсінін.
Өрені өрелі өрелес,Өнерін өрелемес.Өресіз өрені өркендеп,Өркештеніп төрелемес.
Ортаңбай, орқаштанбайОртақ тіл таба аласың ба,Ортақтасса, ортада қаласың ба?