Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
хан баласы ханзадаболды ғашық ханшаға алып ханнан хабар ханшайымды табар! 
©  Жұмазбай Ұлжан Сейтқызы
Қара ала ара,Балалы ара,Анау арал –Балалы араБара аларЛалалы арал.Бар, арала,Бал ал, ара.
©  Сұлтан Қалиұлы
Қырбақ қар құрғақ па,Құрғақ қар құрғақ па?Қырбақ қар да құрғақ,Құрғақ қар да құрғақ.
©  Сұлтан Қалиұлы
Ақ халатты,Ақ қалақтыАққал атты апайдыАқатай да ақ апай деп атайды.
©  Сұлтан Қалиұлы
Сары ала ара балалы арағаБал ала бара ала ма?Бал ала бара алмаса,Бала бал ала бара ала ма?
©  Сұлтан Қалиұлы
– Әсем Әшен бе,Әжем әсем бе?– Әшен де әсем,Әжем де әсем.
©  Сұлтан Қалиұлы
Мүк толы ана ала қанардыБала арқалар,Мүктерiн қара марал қалап алар,Қанар қалар.
©  Сұлтан Қалиұлы
Ақжарда үш жар бар,Әр жарда жүз шар бар.
©  Сұлтан Қалиұлы
Ырыстың ыдысын жу,Жетпесе бұл үшiн су,Құр iшiн жу.
©  Сұлтан Қалиұлы
Жарқыратамын депЫдыстың iшi-тысын,Ыси-ыси ысқышты,Iш пысты.
©  Сұлтан Қалиұлы
Оралдан оралған оларданОмаржанОң көрiп,Он бөрiк, тон берiп, тор алған.
©  Сұлтан Қалиұлы
ЖайманыЖаңыл жамылсын ба,Жаңылсын жамылсын ба?Жаңылсын жамылмасын,Жаңыл жамылсын.
©  Сұлтан Қалиұлы
Көшен көшсе де,Көсем көшпедi.Көсем кешсе де,Көшен кешпедi.
©  Сұлтан Қалиұлы
Лақап аты ғалымға ауылға танылған соң таңылды ма.Таңылған соң танылды ма?
©  Сұлтан Қалиұлы
Апам ҚарақалпақтағыҚап-қап қақ таптады.Маған қаптатпады,Көп ұзатпады,Өзі қаптады.
©  Сұлтан Қалиұлы
– Ақ жайманыЖаңыл жамылсын ба,Жаңылсын жамылсын ба?– Жаңылсын жаңылмасын,Жаңыл жамылсын.
©  Сұлтан Қалиұлы
Секіріп,Жүгіріп,ҚарғыпОйнадық мақтаны қар ғып.
©  Серікбай Оспанов
Төрде орындық тұр төрт қара,Айналады оны төрт бала.
©  Серікбай Оспанов
Дүкенге атай барыпты,Үш ақ орындық алыпты.Дүкенде сөйтіп барлығыЕкі-ақ орындық қалыпты.
©  Серікбай Оспанов
Түлкі қу емес,Қу – аю.Қурай гүл емес,Қурай– у.
©  Серікбай Оспанов
Төбесіне қораныңШығып кетті жеті ешкі.Ал, қораның төбесіƏбден тозған, өте ескі,Болғаннан соң өте ескі,Құлап түсті жеті ешкі.
©  Серікбай Оспанов
Жайылып жүр тұсақтар,Емес олар түсі ақ мал.Асқан жаңа бір жастанҚойдың төлі ол – ұсақ мал!
©  Серікбай Оспанов
Жең, жең емей, балақ па?!Жылқылардың бəрі ат па?!Ата-бабалардыңБарлығының тамы ақ па?
©  Серікбай Оспанов
Құлан – құла аң,Бұлан – бұл да аң –Үлкен мүйізді,Аша тұяқтыІрі аң!Қолға үйренгенЕмес пе бұғы аң?!
©  Серікбай Оспанов
Қонып таңнан атына атам,Жинап елден алты бақан,Құрып берді алтыбақан.Рақмет, алтын ата,Жем берейін атыңа ата!
©  Серікбай Оспанов