Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Ашсаң баурап алады,Сонда əлемнің ғажабы.Елің, сонда шет ел де!Сөйлейді əрі жазады(Компьютер)
© Серікбай Оспанов
Қыста үйдің қасындаАғашта, жер үстінде.Жазда таудың басында,Мұздатқыштың ішінде.(Қар)
© Серікбай Оспанов
Бірінің мұрны қызыл,Бірінің мұрны көк.Мұрынсыз, қысқа, ұзынМенде ұл-қыз көп.(Түрлі-түсті қарындаштар)
© Серікбай Оспанов
Тұр керемет кебеже,Кебежеде– терезе.Терезеден көрінерБала, дала, қала, үй,Аң, құс, Күн, Ай, кеме де!(Теледидар)
© Серікбай Оспанов
Қызық оның тісі де,Қызық оның ісі де.Оған ең, ең керегі–Затты екіге бөледі.(Ағаш кесетін ара)
© Серікбай Оспанов
Қыз кеп жасыл көйлекті,Сай- саланы сөйлетті.Құс біткенді сайратты,Бар даланы жайнатты.(Көктем)
© Серікбай Оспанов
Қабырғада бір ғанаКөшесі көп тұр қала.Ағаш та бар, гүл де бар,Ағып жатыр жылға да.(Сурет)
© Серікбай Оспанов
Қолыңды жуып береді,Бетіңді жуып береді.Арықтап ол келеді,Жұмысы көп себебі.(Сабын)
© Серікбай Оспанов
Еліміздің бұл бағы,Оны ақындар жырлады.Күш береді біздерге,Биікте оның тұрғаны.(Ту)
© Серікбай Оспанов
Елемейді ол күнді,Елемейді ол түнді.Өзен емес, көл емес,Желді күні толқынды.(Ту)
© Серікбай Оспанов