file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  427


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Басшыларға

 


Жаңа қазақ құрылды жаңа арнада,
Жаңалықтар боп жатыр санамда да.
Заң өзгеріп, әділдік болса игі,
Қол қысқаға дегізбей, - амал барма?


 


Ажал келіп, қаңтарда жалаңдаған,
Айыпсызды ап кетті, сан арнадан.
Сырлары көп, шыны кем, тіршілік деп,
Түнергендей көрінді далам маған.


 


Мейлі! Сырлар жабылсын айлап тынып,
Мейлі! Елді қинасын байлап тұрып.
Мен, мен өзім,- дегенді, Алла сүймес,
Қарымтасын алады ойнақ қылып.


 


Ел жайына, қарашы құлақ түріп,
Тәңір билік берген жоқ лақтырып.
Жерде жүрсің, жер таңдар өз керегін,
Көкең мұнда, құтқармас жылап тұрып.


 


Сізге, бізге ортақ заң орындалсын,
Түрің емес, тірлігің орын алсын.
Креслосы бар жанның, барлығында,
Ел дегенде, болмасын жолында сын!


 


Ар-намысқа, көрмеген өңі балқып,
Жүргенмен тең, бұл таңда көрін артып.
Жалтыраған жалғанға, жел болғанша,
Абройлы, адами өлім артық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу