file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  188


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Шындық осы

 


Жан жаралған шындықтың жас қанымен,
Жүрер шындық көңілдің аспанымен.
Тұяғына тапталып көп жалғанның,
Дос көрмедім, бұл күнде басқаны мен.


 


Діттеп көңіл, жымитып жанарымды,
Түрді жасап, кей-кезде қара мұңды.
Ойын үшін, тірліктен қашу болып,
Алғаш жалған басталды бала күнгі.


 


Бәсекелес бозбала, арай күнім,
Қатарынан қалуды қалайды кім?
Түрлі сырға, тақпыншақ алу үшін,
Тиын алдым алдап үй, талайлы күн!


 


Бой түзедім, жүрегім алып ұшқан,
Сөз салғанның бәріне жаным дұшпан.
Ұнатқаным, жаныма келе қалса,
Қиялдау боп, жалғанмен жан ұғысқам!


 


Тұрмыс құрып тұсалды еркіндігім,
Жазу үшін, бір шумақ ел тірлігін.
Түніменен көз ілмей, -ұйықтадым деп….
Жолдасымды көндірер көркім бүгін.


 


Жалған емес, жасыру пайда қадам,
Көрінермін мен сыртқа жайдақ адам.
Шындық осы, кездессе ,,Жалған” жолда,
Арттан теуіп, алдымнан шайнап алам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу