file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  227


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Білмеймін, жоқ, жаман,- деп айтпағын еш!

 


Пендесің, болар кейде білместігің,
Көңілдің айнасы бұл, нұр кескінің.
Қалай бар, солай өмір сүр алтыным,
Бұл менің үндестігім.



Бояулар, басар бір күн мысқылыңды,
Сөндірер, лапылдаған ыстығыңды.
Күн жылжып, қайратыңды қиратар-ау,
Құтқармас күш бұрынғы.


 


Өзгенің бақыласаң қас -қабағын,
Өзіңнің жұмақ жолға бастағаның.
Ұмтылсаң, үлкен-кіші ,,Алғыстарға”,
Орнайды, басқа бағың!


 


Жылтырға, мал-дәулетке әр бас құмар,
Құныққан, бақ пен сорды алжастырар.
Өзің боп, туылмайсың ертең тағы,
Түзету жалғастырар….!


 


Тағдырдың төтеп берсең салмағына,
Дос етсең, тәуекелді талғамыңа.
Білмеймін!
Жоқ!
Жаман деп, айтпасаң еш,
Адамсың, таңда мына!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу