file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  1662


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Әлемінен аспаған ЗОО-парктің


Уа, жеңеше, жамылып күн шуағын,
Біреу озса өзіңнен, тыншымадың.
Ағам барда иманды, жоқта бөлек,
Мекеніңе бетімді шымшыладым.



Мінезің бар, жүретін ирелеңдеп,
Шындық барда, кетесің күйбелеңдеп.
Ұя бұзар, өсекші, іші тардың,
Тағдыр жолын тікенек түйреген тек.


 


Ашылмаған қабағың алабұртып,
Лебізі жоқ, шағым көп, санаң жыртық.
Әлемінен аспаған зоо-парктің,
Қанаты жоқ, көк аңсар қара бүркіт.


 


Ортаң, айла-сырыңды ұғып алған,
Тек, бір жан бар шығатын бұғып алдан.
Ол жан бірақ, имансыз емес еді,
У-ыңа бас, байқаусыз сұғып алған!


 


Қатпар-қатпар, арызбен қызықтырдың,
Болған сірә отбасың, бұзық құрбың.
Қару етіп, балаңды, көз жасыңды,
Айнымастай, ағама сызық құрдың!


 


Қайын ене, атаңды құса қыла,
Сыйып жүрсің ұлының құшағына.
Төркініңде тоқ болсаң ұғар едім,
Ажал күтпей, мінезді тұса мына.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

04.12.2023 10:16
Өзоожп м Рл,бр"&+*4--4π•

Пікір жазу