Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2022
726

Балалық шақ
Естен кетпес шіркін-ай, балалық шақ,
Дөңгеленіп алушы ек, бала құшақ.
Балауыз шам жанында, көлеңкемен,
Әкем бізбен, ойнаушы ед(і) бала құсап.
Таң бозынан анашым, сиыр сауып,
Су тасушы ек, біріміз, отын шауып.
Әкем берген міндетті қағып алып.
Қар күреуші ек, қуанып уақыт тауып.
Бір-бір кесе нан турап, сүттен ішіп,
Жүгіруші ек, мектепке, жолға түсіп.
Дәріс бітіп, сабақтан шыққаннан соң,
Май шайқаушы ек, үйге кеп, күбі пісіп.
Біз тұрған үй, қоржын деп атаушы еді,
Бүгінгідей жоқ еді, отау шегі.
Бір көрпені ұзыннан төсеп тастап,
Бір туғандар, тәп-тәтті, жатушы еді.
Меншігі де, жоқ еді киімдердің,
Балалықтың болмапты күйінде мін.
Қазіргідей дастархан толмаса да,
Тоқшылықтар болыпты, үйімде мың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter