Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  180


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Бұл күнде!

 


Бұл күнде,
Жан мен тәнді сезем, ұғам,
,,Асасам”- тәнде ғана, деген ұран.
Тойымсыз, көргенсізде, болмаушы ма ед(і),
Көрдім деп, көк болғандар себеді ылаң!



Бұл күнде,
Көп пенденің құлқын қамы,
Ішсем, кисем, ұйықтасам деп, ұмтылғаны.
Рухани жан азығын ойлаған кем,
Меңзесең, философ деп жұлқынғаны.


 


Бұл күнде,
Еркек кіндік күрсіндірді,
Туысын жат, әйелін Күнсің деді.
Азабы, опық жеген әйелінен,
Қалғанда езілесің құр сүлдері.


 


Бұл күнде,
Келін келсап, қаны , жаны-
Әрине, тұқымынан таңылғаны.
Қара тал, баптағанмен банан бермес,
Сандырақ, сен құрттың деп қағынғаны!


 


Бұл күнде,
Біреу ұлды, қару етер,
Етеді бірі жетім, бірі нөкер,
Баланы, мысық та, ит те, туа алады,
Бағалап, бақ көргенді Тәңір өпер!


 


Бұл күнде,
Адамдар аз, сынға бекем,
Ұлық сөз бар, -шүкірсізді, құрбан етем….
Ей пенде, өз-өзіңді өзгертпесең,
Қол салар, қазаныңа тұлға бөтен.


 


Әу баста,
Алла берген байлығыңды,
Туылар, өлетұғын қай күніңді.
Ойдан-сөз, сөзден-мінез, одан тағдыр,
Жасап ал, аңсасаң шын жайлы күнді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу