Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  154


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Үйлен досым!


Қыз тауып бер дейсің бе…?
Жеңгетайлық, жоқ мінез аласұрған,
Уайымшыл болсамда, жанашыр жан.
Сырты жылтыр көрінгенмен кей қыздарың,
Туылмайды екен ғой, бәрі асылдан!



Асыл деген, кім дейсің бе?
Асыл деген, шоқ жұлдыз, сырт теңдеген,
Өзгелерді өзінен кем көрмеген.


Сезер өмір азабын, қуанышын,
Түк көрмеген жандарға, кектенбеген.


 


Түк көрмеген, ол кім дейсің бе…?!
Майданында, маймыл боп аспандаған,


Ар-ұяттан, намыстан жасқанбаған.
Барды жоқ қып, таптайды тексіз жандар,
Бәлеқордан, жоқ шығар асқан надан?!


 


Тексіз деген, кім дейсің бе...?!
Әке ынжық, анасы мансап қуған,
Бас пайдаға, дүние аңсаттырған.
Бақыт-деген, пайым жоқ, бұл халықта,
Қасірет пен қайғыны, жақсы ат қылған.


 


Үйлен досым!
Еркек емес, ер мінез, әке қызына,
Ерін ханға балаған, ана қызына.
Ханшайым қыз, хан етер, сені де ертең,
Сүйсінсін ел, жарыңа, дала қызыға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу