Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.10.2022
651
Қызыма
Өмірдің ашып есігін,
Тербетіп, Күннің бесігін.
Ілгіздің төрге құлыным,
Құт-деген, тәтті есімін.
Қызғалдақ қызым дарасың,
Өзіңмен үйім, дала шың.
Еркелеп әке, ағаға,
Анаңа ұқсап барасың.
Тырмысып тірлік қамданып,
Шамаң жоқ іске шамданып.
Тәтті бір тәртіп орнатып,
Жүресің үйге шам жағып.
Алмайсың қызым бір тыным,
Шуағын шашып күлкінің.
Тіліңмен қылық үйлесіп,
Жамайсың көңіл жыртығын.
Жарығым.
Күнім.
Жүрегім!
Қайратты болсын жігерің.
Ғұмырлы етіп Аллаһым,
Бақыттың берсін түгелін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter