Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
146
Бірімізге біріміз...
Бірімізге біріміз,
Жақын жандар емеспіз,
алыс жан да.
Бірімізден біріміз,
Қорқып жүрген жандаймыз
алыстауға.
Сен жоқ болсаң,
Күн тұтылып қалардай
Ай қорғалап,
Мына жарық əлемге
қайғы орнамақ.
Сондықтан да,
сен менен алыстама.
Мен жоқ болсам,
Сенің де күйің мəлім.
Керек емес,
«кетпе», – деп қиылғаның.
Сен мені қимағанмен,
Бағың боп бұйырмадым.
Жақындамай,
бірімізден біріміз қашықтамай.
Шынайы ғашықтардай,
Кездесіп, қол алысып
Кеш дей алмай,
немесе
Қош дей алмай...
Үнсіз өтерміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter