Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2022
133
Тұтқын ойдан азат қиял самғайды...
Азатжанға
Тұтқын ойдан азат қиял самғайды,
Оған мінсең қиял да азат болмайды.
Қыз болсаң да Азатжан деп ат қойдым,
Ықылас та ізгілікті жалғайды.
Ғасырлардың тасасынан құлшынып,
Еркіндікке тәубә дедік күрсініп,
Бақида да пендеге ерік бермейді
Бір Құдайға құлшылық.
Азаттықтың тойы үстінде туған қыз,
Тойды тарих көз-жасымен жуғанбыз.
Бодандыққа бой үйреніп кеткесін
Баста ерік бар ма, жоқ па, –
«Думанбыз»...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter