Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.09.2022
130
Асқар Егеубаевқа
Биіктерді қылғытқан аласа мұң
Жанарында мертікті ала сағым.
Қиялыңа өзіңді жайғастырды
Аян беріп Қашқари, Баласағұн.
Сеніміңді сақтарға сауыт қылдың,
Түркіліктің түбіне сауық құрдың.
Тарих кезген жорықтың соңғысында
Мәңгілікті ішінен жауып кірдің.
Құлыптарға тұншыққан ғұрыптардың
Есі кіріп, жеткенде сұрыптар күн
Ақиқатты қызғанып пенделіктен
Тасасында дәуірдің тұрып қалдың.
Пәни, бақи өлеңнің шеңберіне
Сыйып кетсе – шыққаның сен де өріне.
Көп зерттеп тарихты, енді өзің де
Сол тарихтың іліндің шеңгеліне.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter