Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  1292


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Маңғыстауда

Сараң бұлтты иiтiп саусақ тағы
Сергiмептi сексеуiл қаусап тағы.
Жалбарынып Тәңірден не сұрайды
Кәрi құмның ырсиған саусақтары?
Көксеп өтсе Каспидiң мұң бұлағын
Жел кемiрдi үмiтсiз құм құлағын.
Самның құмын лаулатып қызғанышы
Көзiн сұғып барады сұңғылы күн.
Асты – мұнай, Маңғыстау,
үстi – Құдай –
От пен демнiң арасы ыстық ұдай.
Құмды ерiткен қызуын майға шыңдап
Елдiк үшiн ер антын iштi құлай.
Бекет пiрiм кеңейтiп өрiсiмдi,
Танығанға, десек те, төр ұсынды.
Мақтымқұл мен Қашаған тағдырынан
Шерқалаға тарихтың шерi сiңдi.
Жырақ кеткен бұлттарын шың қармаған,
Өз жағасын шөл қысып дым қалмаған,
Кейде бекер долданған Каспий сынды
Мiнезi осы халқымның шыңдалмаған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Амйлай
Амйлай 10.11.2024 21:57
Рпат Троооо Әшекей шпк

Пікір жазу