Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  182


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Шыңжаңда

Мәдени төңкерiс қуғынын көрген
ағам, ақын Рақымғажы Кәрiпжанұлына
– Шөлiркедiм, жанымды өртеп
Желтоқсанның жарқылы,
Намысыңды қозғайма, аға,
саясаттың салқыны?
– Сайраудың да кезеңi өттi,
жедi, тынды саясат
Қасiреттiң кезегi өттi,
Елдi бiр сәт аясақ.
Желтоқсанның жарылысы ойсыратқан iргенi –
Ол мәдени төңкерiс пен соңғы Бежiн дүрмегi.
– Бәрiн көрдiк...
Мұндай сәттi заман күнде оралмас,
Көш, ағайын, бас қосайық.
Онсыз елiм оңалмас.
– Жат қолына баба жатқан жердi тастап бiр күнде,


Ар алдында кешiрiмсiз қылмыс жасау мүмкiн бе?
– Жоқ, ағайын, iс түскенде ел аттың басын iрке ме?
Талай тарих – борасында пана болған бiр төбе.
– Қастерлi жер бабам туған, күзетемiн сол iшiн,
Мейлi, өлсем де аруағыммен саған берем қол ұшын.
Оңға бассын өрiсiң...
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу