Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  162


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

«Қасқырлық» немесе Желтоқсан оқиғасынан соң

Ұяңдығым еншiлеп қасқыр жанын,
Қан тұмасын көздердiң аштым бәрiн.
Қуаң кеуде көтерген тасаттыққа
Тағдыр бердi ыза-кек тасқындарын.
Жұрдай етiп үмiттен қиян түптi,
Жүрсiн тiсте шырылдап қиял тiптi,
Аңдығанға, ал, арландық, аңдығымнан
Атқаны үшiн алатын сыйы артық-ты.
Таппағасын мезгiлден жараға емдi
Шындығым да мертiктi,
Жарар ендi...
Әйсе де арсыз алдында жылап кеткен
Ардың жасы жүрекке тама бердi.
Сұрақтардың тiрсегiн бастым да ұрын,
Айбарынан жұмақтың қаштым бүгiн.
Өмiр-өлiм арасын аянышпен
Iрiңдетiп барады қасқыр-мұңым.
1987 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу