Өлеңдер ✍️
ТОЗАҚТА
Сауапты су елестеп, баталы бел, бір
қиялдың шетіне тақалып ем...
салақтатып тілдерін әр көлеңке, ойнап
жатыр Сәскенің сақалымен.
Қай бір жақсы дейсің бұл елегізу,
Қайғым ерген қасыма, қабағы – зіл.
Мерекешіл көше де – мейірімсіз,
ерніндегі далабы ғана қызыл...
Мұңсыз да аман болғанмен, құнсыз да аман,
көбелектер бітті өліп жұлдызтабан. Қаталағаншөлдеген шерлі Түздің
шекесінде күлтілдеп Күн сыздаған!
Ақылды жұрт ішкізсін бүгін уын,
ашырқанар мендегі ыңыл-уіл. Жел –
қып-қызыл!
Тау – ессіз!..
Ессіздіктің
езуінен сағымы шұбыруын!..
Неге, неге мына жұрт салғырт-керең?
Ойсыздықтың ұлдары-ай мәңгүрттенер!
Бұрымыңды бұлдама, ей, ару Ән, Руыңды
бұлдама, ей, мұртты Өлөң!
Сөзге бүгін қажетсіз мың бір астар.
Астарсыз-ақ, Ақ Сөзім мұңға ұласқан.
Құдайды да құлатар у осы да –
күлгін Дала, күлгін Күн, күлгін Аспан!
Гүл тілімен Даламды пішіндесем,
нені ұғады өз тілін түсінбес ел?
Тағдырыңа тақырлық тап болды ма:
сыртыңда – шөл, жұртым-ай, ішіңде – шер?!.
Сен де, көңілім, болмасаң
нысаналы, Неге үнемі жүресің
құсаланып? Күрсінбеші, байқашы!...
қурап тұрған
бұл Даланың лап-п ете түсері анық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter