Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.09.2022
299
Біз білетін құрбандар
Тарихымды таң қылмай қанды азап түк,
Санамызбен байланып заңда жаттық.
Ел тәуелсіз болды ма,
Тас түрмеден
Марқұм Қайрат алса да мәңгі азаттық?
Көңіл айтып егілді ғарыш күнге...
Күн перзенті – Ерболым таныс кімге?
Танымаған өзіндей жаралы елмен
Қоштасты да көз жұмды ол хал үстінде.
Намысымен жұлқылап қазақты алға,
Кетті үзіліп, Сәбира, Ләззаттар да.
Төздік бұған,
Әйтсе де іштегісін
Айта алмаудан өтетін азап бар ма?
Сұрақтарға тұншығып ғалам бүгін,
Боздақтарға ілесіп жоғалды мұң.
Кісендеулі санаға жете алмастан
Кісендеулі күйінде қамалды ұғым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter