Өлеңдер ✍️

  21.09.2022
  124


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Тоналған дүкен. 1986 жыл.

«Сондай-ақ, маржан саудасының дүкенi де тоналды»
1986 жыл. Желтоқсандағы хабарламадан.
Дәл осылай ақпараттар лаң құрды,
Қазақ аты ұры боп та жаңғырды.
Ал өзiмнiң бар алтыным, байлығым
Сұраусыз-ақ Кремльге қаңғырды.
Ғалам бүгiн таңданса да қаумалап,
Кез де жеттi бар-жоғымды дауламақ.
Үкiметтiң алтын-күмiс дүкенi
Жатыр менiң намысымды саудалап.
Жаратқасын әдiлетке жаршы ғып
Мойытпаған тоғышарлық, таршылық.
Тонасақ та,
Дәл бүгiнгi мақсатым –
Алтын емес,
Ашкөздiкке қарсылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу