Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
377
Ішіп өлсе арысын кім күштеген?...
Арақ шiркiн еркектi аздырады,
Шарап та әйел «шабытын» қоздырады.
Сыра, шампан пәленi бастап берiп,
Конягың да қалыспай азғырады.
Iшер сәтте достыққа сүйретедi...
Iштi, бiттi – бiрлiктi күйретедi.
Ал, дүмшелер «күнәдән тазартам» деп
Қымыз, боза, шұбатқа үйретедi.
Қымызды да көп iшкен мас болады,
Бозадан да бiр қыжыл басталады. –
Имандылар той тойлап,
Сүт ембеген
Құлын, бота жарымай аш қалады.
Иiс май да қылғытсаң өткiр едi,
Бәрiн де iшсең – ажал да жеп кiредi.
Ал, тарихта ненi iшiп бар күнәдан
Тазарды екен қазақтың тектiлерi?...
Мөрi емес пе мезгiлдiң қылмыс деген? –
Iшiп өлсе арысын кiм күштеген?
Демiң бiтпей одан да шындық iздеп,
Өртене бер мен құсап мүлде iшпеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter