Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  400


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖАЯУ МЫРЗАНЫҢ ƏНI

I түрi
Ассалаумағалейкум, Жаяу Мырза,
Көңiлi жаяулықтан қаяу мырза.
Алладан ауру келсе – ақшасы жоқ,
Озмышы жазмышынан таяу мырза.
Сақалы – сасыр, мұрты – сояу мырза,
Жүрiсi тасбақадан баяу мырза.
Бақалы шалшық көлдей iшi шулап,
Күнi-түн аш iшегi ояу мырза.
Iшкенiң суперский бояу мырза,
Əр күнiң шоу-думанды той-ау, мырза.
Су сасып кекiрiгiң, жел гулетiп,
Япыр-ай, асағаның май-ау, мырза.
II түрi
Ақ туша, қызыл туша, туша, туша,
Қалмайды кiмдер жаяу зорлық қылса.
Зорманның Күштi атасы ақымды жеп,
Атандым сол себептен Жаяу Мырза.
Жер тозып, ел азбай ма – сағым қуса,
Ер жiгiт не болады сағы сынса.
Байлары жаңа қазақ «Жаяу» дейдi,
Көрер ем жаяулықты күнi туса.
Алашқа атым мəлiм – Жаяу Мырза,
Кез болдым өңшең арсыз, аяусызға.
Аттыдан жаяу жүрiп бəйге аламын,
«Мерседес», «Джип» мiнгендер маған ұқса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу