file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  175


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ҚАЛҚАМ..

Қолыңның қысқалығын қорлық тұтсаң,
Ендi оны ұзартпассың жалғап арқан.
Дүниеде ес тандырар тəттi елес көп,
Алданып, шырғасына түспе, қалқам.
Еңсеңдi жаншып езген зорлықты ұқсаң,
Тағдырдың сыйы шығар ол саған тəн.
Дүниеде жалт-жұлт еткен жақсылар көп,
Арбалып, арзан уын iшпе, қалқам.
Қара да, əншейiнде, хан да дарқан,
Кедейдiң қолына тыш, қарға болсаң.
Келмесе үйден қуған иттей болғың,
Байлардан көмек сұрап барма, қалқам.
Арыңды ете алмасаң жанға қалқан,
Бiр сəттiк лəззат үшiн алданар тəн.
Басыңда жалғыз шайнам миың болса,
Шайтанның күлкiсiне нанба, қалқам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу