Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
124
ЖҮРЕККЕ
Қалжыраған ой – жансыз,
Тəлкегiнде тəйкi ойын.
Қан жылаған қайрансыз
Бұл жүректi қайтейiн.
Бар бол, жүрек, байғұсым,
Бағың сенiң жанбады.
Кiм кiнəлы ол үшiн?
Көрешегiң сол дағы.
Ақ торқаң мен, көк торқаң
Жоғалды ма желге ерiп?
Кетесiң бе деп қорқам,
Қайғы-сұмға жем болып.
Қой, босама, қайтадан
Серiппедей ширатыл.
Қуаныш көп, қайтар əн,
Қуатыңды жи, батыр.
Десiне ерiп көңiлдiң,
Алданбашы елеске.
Екi келмес өмiрдiң
Өзi бақыт емес пе!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter