Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  98


Автор: Ғұсман Жандыбаев

АҚЫН ШƏКЕРIМ ҚАЖЫҒА

Қан мен жанның махаббатынан туған
Сенiң жырың қымбат маған алтыннан.
Өзiңдей де ой өренiн туғызған
Айналсамшы қазақ деген халқымнан.
Ұлы Абайдың ой шыңына талпынған,
Гималайдан биiк маған тау тұлғаң.
Қазағымда ақын туып алдымен,
Тек содан соң барып қана хан туған.
Менiң халқым емес кенде ақынға,
Ақыны бар елден кетпес ақыл да.
Сендей ұлы ақыны бар халықтан,
Мен сенемiн, хан туады жақында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу