file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  175


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БIТТI БƏРI!..

Бiттi бəрi! Өттi жаз, қыс тұр əнi,
Сұлу көлден суық жел ысқырады.
Он екiде бiрiнiң нұсқасы жоқ:
Құлақ қашты, көз қуды, тiс құлады.
Бiттi бəрi. Осымен iс тынады.
Қыстың əнi – емес ол құстың əнi.
Тарқап жатқан базарда не қызық бар,
Қарап тұрсаң, iшiңдi пыстырады.
Бiттi бəрi, қанбай-ақ iш құмары,
Көл құрғады, сарқылды күш бұлағы.
Бəрi бiткен, тек көңiл алас ұрып,
Жартас соққан толқындай ышқынады..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу