Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
186

ОЙ, АЛЛА-АЙ!
Қойды көрсе, көкжалдың
Адымы жер оярдай.
Арыстанның алдында
Мүсəпiрсiр қояндай.
Арам ойы түлкiнiң –
Орманға өрт қоярдай.
Май кекiрiп жатса да,
Алдағанын қоя алмай.
Үңгiрiнде пырылдап,
Аңқау аю оянбай.
Бiр тасада аңшы тұр,
Сəтiн күтiп, аялдай.
Бiреуiне бiрi жем,
Күштi əлсiздi жоярдай.
Əдiл заңы тiрлiктiң
Осы ма едi... Ой, Алла-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇