file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  177


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Түс көремiн. Түсiмде сенi көрем.

Түс көремiн. Түсiмде сенi көрем.
Сенi көрсем – батыр да, серi де мен.
Жымиясың: «Сауыт пен дулығаңды
1991 жыл.
Шешiп қой, – деп, – Ақынның серiгi өлең».
Қайдағы ақын? Баламын ой бақпаған.
Iзiмдi көр, сенбесең, сойдақтаған.
Қызыл-жасыл көбелек қиял қуып,
Жаһүт белде жас төлдей ойнақтағам.
Сəттерiңде – жаныма кейде үңiлген,
Қарамашы уақыттың əйнегiмен.
Ақын дейсiң... Ол, əлде, бала емес пе,
Бала болса, патшадан қай жерi кем?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу