file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  192


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖАН АНАМ!

Жан анам! Көп кешiкпей саған барам.
Жүректiң сыбырынан соны аңғарам.
Кетiп ең таң бозынан, талтүс болды,
Сағатты көрсетедi санам маған.
Жан анам! Жайың бар-ау алаңдаған,
Сəл мезет көз жазып қап, таба алмаған.
Фəниден шығатын жол бiреу ғана,
Жаныңа адаспастан барар балаң.
Жан анам! Көп кешiкпей саған барам.
Мен неге саған бармай, сараңданам.
Болғанмен дүние шексiз, ғұмыр қысқа,
Тағдырын ешкiм таңдап ала алмаған.
Жан анам! Күн сипатты аяулы анам!
Өзiңмен қауышар күн таяу маған.
Бақидың шексiз жолын басып өтiп,
Мəңгiлiк мекенiңе жаяу барам.
Аяулы анам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу