Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  151


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ТҮНГI КАНАЛ

Ауа оның
қабығының астында ысылдайды.
Мен ойланам
ақыл жетпес, тəңiрлiк түсiм жайлы.
Бұл не деген
асқақ та пəк, тəкаппар дүние едi.
Тап-таза, жас,
жап-жалаңаш!..
Жат көздердiң сұғынан қысылмайды,
Жасырмайды жалғандық – киiмi оны.
Неткен ғажап
тiрi əлемнiң иiсi тiл жетпестей!
Əр жүрекке
сылдыраған сиқыр үн – сыр боп көшкей.
Айдалада
Ай нұрымен жалтылдап айыл жатыр..
Құдайым-ау,
не құдiрет!..
Қимас сурет – көңiлден бұл кетпестей,
Əлi күнге аңсатып ойымда тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу