file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  139


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БЕЙНЕ БIР...

Ауызынан төгiлiп
Кейде ақық, кейде нұр,
Шықты бiлек сыбанып,
Шешенсiнген жейделi ұл.
Көп iшiнен сурылып,
Ойда жоқта шыға кеп,
Көктен түсе қалғандай,
Көсемсiнген дөй де жүр.
Көре салып соларды,
«Мен кем бе?» деп əңкiлдеп,
Аяқ асты ерсiнiп,
Қуыс кеуде өңшең құл.
Бiрiн-бiрi тыңдамай,
Даурығысып, дүрлiгiп,
Көптiң қамын жегендей..
Басқа жақта ой, көңiл.
Қымсыну жоқ ойында,
Өршеленiп соғады,
Өтiрiкке сенетiн
Елдi ақымақ дей ме бұл?
Алдадым деп иланып,
Өзiне-өзi риза,
Кесiр аяқ, кеудемсоқ –
Ой жетпестi боймен ұр!
Түрлерiне қарасаң,
Күлкiң келер ызалы:
Халық үшiн, ел үшiн
Жан берердей... бейне бiр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу