Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
248
Он тоғызда от шашқан....
Он тоғызда от шашқан,
Қамыс баулап, шөп шапқан
Қайта келмес шақтар-ай.
Дыз еткiзiп iшiмдi,
Сенi есiме түсiрдi –
Аққан жұлдыз, батқан Ай.
Батқан Аймен iлесiп,
Көңiлiмнiң нұры өшiп,
Сөнiп бара жатқаны-ай.
Қайда келгем, япырым-ау,
Мүмкiн емес жақындау –
Мына дүние жат қалай?!
Жатқа қайтiп жақ болам,
Жанға немен ақталам,
Сүймесiне кез қылып.
Қалды көктем балғын жүз,
Жаз да өттi, алдым – күз,
Салқын сызын сездiрiп.
Мен бөтенмiн. Қойшы ендi.
Көңiл семдi. Ой сөндi.
Суық ойдан бездi үмiт.
Тек сөнбеген бiр жылы от –
Жүрек қана! Бұл жүрек
Шымырлайды не бiлiп?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter