file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  153


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Маған медаль керек емес....

Маған медаль керек емес,
Тиiспе менiң жырыма.
Арам ойың қайғы жемес,
Көңiлiмнiң нұрына.
Маған атақ уайым емес,
Тиiспе менiң ойыма.
Созып өңеш, берме кеңес,
Жүрегiмнiң тойына.
Маған мансап лайық емес,
Тиiспе менiң арыма.
Қалдыр менi, жайыңа көш,
Таласпаймын тағыңа.
Қызылыңа қызықпаймын,
Менен оны қызғанба.
Өз-өзiңнен қуыстанып,
Сүзе қарап сызданба.
Атақ, медаль, мансабың ба? –
Бəрiн өзiң ала бер.
Тек, жаныма жара салма,
Маған маза ғана бер.
Менiң мұңым бөлек сенен,
Қосылмайды бiздiң жол.
Қарсы алдыңнан шықпаспын мен,
Алаңдамай жорта бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу