file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  184


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Дүние-ау, бұл не деген ғажайып күн!

Дүние-ау, бұл не деген ғажайып күн!
Көңiлдiң бар дертiнен таза айықтым.
Жеңiлдеп шыға келдiм, дел-сал ойдың
Кiрiнен жан арылып, азайып мұң.
Мойнына сар шайтандай мазақ мiнген,
Маңдайын тағдыр дейтiн азап тiлген,
Мен қазақ баласы едiм еңiреген,
Уа, жұртым, қараңдаршы, азатпын мен!
Сұмдық қой, сұмдық қой бұл, бұ жалғанда,
Кiрiптар болу деген бөгде жанға.
Кiрменiң халiн кешкен күнiң құрсын,
Қорлық жоқ одан өткен тiрi адамға.
Кiсiге күнiң түссе – тiрi сорың,
Боғы алтын, түкiрiгi күмiс оның.
Атының майын мiнсең аз уақытқа,
Ғұмырлық борыш болар құны соның.
Болымсыз қолғабысы өте қалса,
Онысын салмақтайды, пұлдап сонша.
Өзiңдi сатсаң дағы, құрығынан
Құтылып кете алмайсың ендi адамша.
Арыңды құл ғып берсең – құның қанша?
Өтедi өксуменен, күнiң малша.
Жалаңаш қалған артық айдалада,
Жат жанның қолтығына тығылғанша.
Өз парқын бiлсе едi ғой адам бiр уақ:
Қара жер – кiм-кiмге де болар құндақ.
Арманы таусылмайтын бұл өмiрде,
Кеңдiк пен бостандықтан не бар қымбат?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу