Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  126


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сұлудың да дауласаң...

2. Сұлудың да дауласаң –
«Өкiлсiзi» болмайды,
Жылудың да жаурасаң –
Отынсызы болмайды,
Ажалдың да аңдаса –
Армансызы болмайды,
Тажалдың да таңдаса –
Талғамсызы болмайды,
Құштарлықтан жалықпа –
Керексiзi болмайды,
Iштарлықтан қамықпа –
Себепсiзi болмайды,
Жылға жылға болғасын
Жырасызы болмайды,
Тұлға тұла болғасын
Күнәсiзi болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу