file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  122


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖАНДАЙШАПТАР САУЫТЫ

Жандайшаптар сауыты қырық қабат..
Ең сыртында жазу бар: «Ұлықмадақ».
Сол жазудың астынан ызың салып,
Ұшып шықты бiр шыбын сынық қанат.
Қайдан шықты бұл шыбын, қайда кеттi?..
Мұны бiлер еш қайран, хайла жоқ-ты.
Тек, əйтеуiр көң артқан «Көк сонаша»,
Танауыңның астынан айдап өттi.
Қайда кеттi, бiлмеймiз – қайда қонды?
Бəлкiм, доғал тұмсығын майға көмдi.
Əйтеу, əлгi бейуаздың артын ала,
Ызыңдаған қырық шыбын пайда болды.
Мiне, қызық: олар да дос тауыпты,
Табақтас боп қоңызбен қос қабықты,
Қырық шыбын ұшып жүр, жандайшаптың
Қырық қабат сауыты бос қалыпты.
Бос сауытты қаңбақша домалатып,
Көң иiсi мүңкiген қораға атып
ұрды да, бiр шолжың жел жайына кеттi,
Балалармен ойнауға бара жатып.
...Жандайшаптар сауыты қырық қабат..
Ең iшiнде шыбын жүр сынық қанат.
Сынық қанат шыбынның қарнын жарса,
Не шығары белгiлi... Құрып қал-ақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу