file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  129


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Дөңгеленген дүние

Мейлi, енесiн бiрер күн
Көме емсiншi ерке лақ.
Мен де қанша жүрермiн,
Көрiнбеспiн ертең-ақ.
Бұл жоқ-жiтiк тiрлiктiң
Қызығына кiм ие.
Етегiндей түндiктiң
Дөңгеленген дүние.
Сол дөңгелек Əлемге
Қонақпыз ғой екеумiз.Қалай келсек əуелде,
Солай тастап кетермiз.
«Сондай адам өткен...» деп
Айтса ұрпақ толғана.
Бұл пенденiң қолынан
Келетiнi сол ғана.
Аттанармыз ол жаққа,
Сен кеш, бəлкiм, мен ерте.
Көңiл дейтiн бау-баққа
Түспесiншi көлеңке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу