Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  309


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Сыңсиды жаралы жылдар...

Сыңсиды жаралы жылдар,
Мезгiлден шалағай қалып.
Бейқамдық сананы ұрлар,
Көкiрек молаға айналып.
Жұмақтар дәуiрдi кезген
Жалт берiп ертегiлерден,
Жырақтап жауыр мiнезден,
Жанды өлең өртенiп өлген.
Адасса бiр асыл арман
Сүрiнiп шоқалақтардан,
Жөн сұрап дұғасы бардан,
Жүректi тасалап қалған.
Ащыдан үйрен дегенiм
Азап та, ғажап та шығар.
Дәуiрден кигенде кебiн
Тарих па мазаққа шыдар?!


Талқандап мұң құлыптарын
Жасын жыр түнектi тiлген.
Жаһанның тұндырып қанын,
Пәниге жүрек бiтiрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу