Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
170

Көкжиектен иегiн Күн асырды..
Көкжиектен иегiн Күн асырды..
Кiрпiгiме қап-қара түн асылды.
Бiр албасты еңсемдi басып алды,
Қайтсем екен, япыр-ай, мына сұмды.
Торын уақыт-өрмекшi маған құрып,
Тұмшалады санамды қараңғылық.
Қараңғыда ауру қозғыш едi,
Шығармаса жарар-ды жарам бүлiк.
Ол жарадан мен ендi босанбаспын,
Күннен ұзап, тұманмен қосарластым.
Нокаутқа түбiнде бiр түсiрмей
Қоймайтындай секiлдi осы албастың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇