Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
119

Жүрегiм-ау, жүрегiм...
Жүрегiм-ау, жүрегiм,
Жоқтаушың аз, бiлемiн.
Бiлiп тұрған шындықты
Сенен қалай бүгемiн.
Жүрегiм-ау, жүрегiм,
Мен сенi ойлап жүдедiм.
Өзiң үшiн Құдайдан
Бiтпес қорек тiледiм.
Жүрегiм-ау, жүрегiм,
Тоңғансың ба, жылы едiң.
Кигiзейiн көйлек қып –
Көңiлiмнiң жiбегiн.
Жүрегiм-ау, жүрегiм,
Қан жаңартып, түлегiн.
Аш-жалаңаш қалма сен,
Мен табармын бiр емiн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇