Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
159
Лап етiп жансам бiр күнi
Ғайыпта бiр ел көршi отыр,
Тiрлiктен тайсам әсте мен.
Тәңірдiң бәрi – көрсоқыр,
Тағдырдың бәрi – таскерең.
Тiрiлдiм,
бiрақ, санамнан
Сырғанап кеткен азаттық,
Шуағымды ұрлап ғаламнан,
Мақтанды мезгiл мазақ қып.
Пәниге еншi – еркелiк,
Былдырлап шыққан мұң тiлi.
Ғаламда кетер өртенiп,
Лап етiп жансам бiр күнi.
Күлкiлi бәрi,
Күлкiлi!...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter