Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2022
348
Пай-пай‚ шiркiн! Арамға ғашық адал....
Пай-пай‚ шiркiн! Арамға ғашық адал,
Түйiстiрiп барады басын олар.
Бiр төсектен екеуi тұрып жатыр...
Жақсылық пен жамандық – ашыналар.
Ел күледi-ау... Мейлi ғой, нең кетедi,
Қап табылса – тезекке, теңге – теңi.
Бiрi мысық болғанда, бiрi ит едi,
Түсiнiскен түрi бар ендi екеуi...
Əлмисақтан екеуi аңдысқан жау,
Арасында бар едi бiтiспес дау.
Ымыраға келмейтiн шiркiндердiң
Ымдасуға көшкенi ұят болды-ау.
Қалай-қалай ұйтқиды заман желi?
Бiрге ме едi арам мен адал жолы?
Аққа қара жұқпайды деушi едi ғой..
Жақсылыққа көрiнсе жарар да едi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter