file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  156


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Япыр-ай, неткен жансың тiптен мекер?..

Япыр-ай, неткен жансың тiптен мекер?..
Иеңе жағынасың иттен бетер.
Осылай жүре берсең, үре берсең,
Ажалың түбiнде бiр биттен жетер.
Қожаңның қас-қабағы аңдығаның,
Iшкi ойын ыммен бiлiп – жанды бағың.
Жоқ, бiрақ, жолда жатқан батпан құйрық,
Жастыққа қайдан тисiн жар құлағың.
Күзетiп күндiз-түнi мал мен жанын,
Қарысар болды сенiң əбден жағың.
Жуындыға семiрген күнiң құрысын,
Қайтейiн дауысыңның жер жарғанын.
Аузыңа сүйек тисе, – бүгiн байсың,
Əрi өткен-берi өткенге ырылдайсың.
Қашанда ит пен құлдың тағдыры ұқсас,
Сен кiмсiң? Соны ғана ұғынғайсың..
Жүрсең де қожайыннан қорлық көрiп,
Алдында жəдiгөйсiп, он бүктелiп..
Дауа жоқ, обал да жоқ, саған сiрə,
Əй, ит-ай, əуселеңдi болдық көрiп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу