file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  150


Автор: Ғұсман Жандыбаев

БАЙДЫҢ ЖЕЛI

Əлдекiмнiң өттi деп айғырлығы,
Зарлайсың – аманында айдың-күннiң.
Озбырдан қорлық көрiп келдiң бе өзi?
Онда сенi сабайды байдың құлы.
Құл байғұстың, па-а-а, шiркiн, сабасын-ай!
Бəрекелдi! Мархабат! Заң осылай!
Жəрдем күтiп, жоқ, əлде келдiң бе өзi
Құйрығыңа байлайтын шала сұрай?
Өзiң келдiң, сенi ешкiм шақырған жоқ,
Келдiң екен, тойып кет – хақыңнан жеп.
Бай мен оның құлына кеткен есең –
Бəрi осында, жете алмай жүрген, зар боп.
Сыбағаңа өстiп бiр тойдырғанға
Риза бол, алғыс айт айғырларға.
Əдiлдiктiң əкесiн танырсың сен,
Мүйiз сұрап, құлақтан айрылғанда.
Қара кесек – қашанда майдың жемi,
Төбе шықпас дейсiң бе сайдың жолы.
Құйрығымен диiрмен тартып тұрған
Құлдың күшi – емес пе, байдың желi..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу