file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  231


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Ақындардың қоғамы...

Ақындардың қоғамы,
Жетiмдердiң қоғамы,
Əкiмдердiң қоғамы...
Бəрiне бiр президент.
Ақында жоқ баспана,
Аға iздейдi аш бала...
Əкiм ғана сестi ана –
Секiлдi бiр семiз үйрек.
Сол семiз үйректi
Сойып жемей, күй кеттi.
Жəне бəрi үйреттi:
«Үлкендердi тыңда!» деп.
Ал, ақынды шаршатқан –
Төбесiнен тамшы аққан,
Майын сатқыш малсақ там.
Əкiм қайда? Мұнда жоқ.
Ақындардың қоғамы,
Жетiмдердiң қоғамы,
Əкiмдердiң қоғамы...
Оның кiмге обалы?
Ақын кеттi үй iздеп,
Жетiм кеттi күй iздеп.
Əкiмдер жүр мүйiздеп...
Ал, президент?.. Жоқ əлi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу