file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  165


Автор: Ғұсман Жандыбаев

«А, шындық!» деп аһ ұрдың....

«А, шындық!» деп аһ ұрдың,
Жалын атып демiңнен.
Келiп едi ол – ақырдың,
Адам шошыр кебiңмен.
Кедей едi ол Шындық,
Киiмi де көрiксiз.
Жиiркендiң сен сұмдық,
Сықпытыңа қонып сыз.
Суайт кiрдi сумаңдап,
Түсiң сонда жылыды.
Көңiлiңдi күнде арбап,
Риза еттi қылығы.
Шындықты, əттең, мұңайттың,
Аяқ-қолын байлаттың.
Алдына сап суайттың,
Абақтыға айдаттың.
«Əдiлдiк!..» деп, ал бүгiн
Жар сап жүрсiң, о, қарға!
Шындықтың сол тағдырын
таңбақсың ба оған да.
Əй, залым-ай, əй, залым,
Болмайсың-ау өңештеп.
«Аһ!» дегенiң қай жалын?..
Ақтың демi емес, тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу